Бірқатар өңірде екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды

– Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды, деп .

Ақмола облыстық Білім басқармасының мәліметінше, қатты бұрқасынның болуына байланысты Степногорск қаласында және Бурабай, Сандықтау, Ерейментау, Астрахан, Аршалы, Целиноград, Корғалжын, Ақкөл, Шортанды, Біржан сал, Егіндікөл аудандарында 0-11 сыныптарда сабақ болмайды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы, Қанайка ауылында, Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында екпінді жел мен боран салдарынан 1-11 сынып аралығында оқу процесі тоқтатылды. Ал Семей қаласында күшті жел тұруына байланысты 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды. Қарағанды облысының Теміртау, Қарағанды қалалары мен Абай, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров, Ұлытау аудандарында – 0-11 сыныптар, Саран, Сәтбаев, Шахтинск қалаларында және Жаңаарқа, Шет аудандарында – 0-9 сыныптар, Қаражал қаласында 0-6 сыныптар оқымайды. Ал Павлодар облыстық Білім басқармасының мәліметінше, Павлодар мен Ақсу қалаларында, Аққулы, Май, Успенка, Щербақты аудандарында 0-4 сынып, Тереңкөл, Баянауыл, Павлодар аудандарында 0-9 сыныптардағы оқушылар үйлерінде қалады. Айта кетейік, ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында бірінші және екінші ауысымдар үшін сабақтар тоқтатылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе