Қазақстанға сапа менеджерлері керек

Бүгінде «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының оқу бағдарламасы ескірді. Ол - кеңестік жүйеден қалған мамандық. Бүгінде сапа менеджерлерін оқыту қажет, деп тілшісі. Қазақстанның сапа және инновациялық менеджмент ұйымының басшысы Азат Әбдірахмановтың айтуынша, жоғары оқу орындарының көбісі стандарттау мен сертификаттау бойынша маман даярлайды. Ал ол мамандыққа көп адам бара бермейді. Содан конкурстық бәсеке де қатты емес.

«Ең төмен конкурс сол жерде, ең төмен білім де сол жерде. Мектеп түлектері көп құжат тапсырмайды. Ашығын айту керек, грант үшін баратындар аз емес. Бізге ондай мамандардың қажеті жоқ. Жалпы, стандарттау мен сертификаттаудың қазіргі білімі заман талабына сай келмейді. Жоғары оқу орындарына осыны түсіну керек. Бізге сапа менджерлері керек. Ал ондай маманды бірде-бір жоғары оқу орнында дайындамайды», - деді А.Әбдірахманов.

Оның айтуынша, бүгінде стандарттау мен сертификаттауды оқып шыққан мамандарды жұмысқа алады. Бірақ жұмыс беруші компания оны тағы өз ақшасына оқытады. Осылайша, уақыт та, ақша да көп кетеді.

«Білуімше, «сапа менеджері» деген мамандық классификаторда да жоқ. Біз ол жайында ылғи айтамыз. Сапа менеджерлерін дайындау қажет. Онсыз болмайды. Негізі, ондай мамандарды кез келген кәсіпорынға алады», - деп атап көрсетті А.Әбдірахманов. 

Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет Азия сапа желісінің XVI конгресі өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен танымал сапа білгірлері келеді. Олардың ішінде жапондық Нориаки Кано, швециялық Клаес Берлин, профессор Моxамед Заири, профессор Ван-Сен Шин сынды сапа менеджментінің шеберлері бар.

«Қытайдан, Үндістаннан, Сингапурдан, Жапониядан, Оңтүстік Кореядан біраз адам келеді. Бірақ, Қазақстаннан адам аз тіркелді. Айтуға да ұят. Бәлкім, ақпарат жетпей жатқан шығар. Меніңше, біздің кәсіпкерлеріміз алдағы конгрестің маңыздылығын түсінбей отыр. Қатардағы бір конференция деп ойлайтын шығар. Олай емес. Конгресте сапа менджменті саласындағы біраз мәселелер талқыланады. Бизнесті басқару, өндірістік процестерді реттеу, сапалы жұмысты ұйымдастыру - осының бәрі нақты мысалдармен көрсетіледі. Мәселен, қазір Жапония, Корея сияқты мемлекеттер сапа арқылы дүние жүзіне танылып отыр. Сапа менеджментін дұрыс ұйымдастыру арқылы қазіргі жетістіктерге жетті. Сондықтан, бізге алдағы конгресті барынша пайдалану қажет. Отандық кәсіпкерлерге өзіне қажетті барлық ақпаратты алған жөн. Себебі, сапа саласының білгірлері күнде келе бермейді», - дейді А.Әбдіраxманов.

Конгресс 19-20 қыркүйек күндері Алматыдағы «Интерконтиненталь» қонақ үйінде өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе