Алматыда ТМД елдері студенттерінің халықаралық пікірсайыс турнирі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 6 сәАлматыда «Қазақ гуманитарлық заң университеті кубогы» үшін ІХ Халықаралық пікірсайыс турнирі өтіп жатыр. «Қазақстанның бейбітшіл саясаты және халықаралық қатынастарды дамыту» деген тақырыппен өтіп жатқан бұл шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті мен Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Орда» пікірсайыс клубы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Екі күнге созылатын турнирге биыл Мәскеу мен Новосібір,  Киев, Таллин, Бішкек, сондай-ақ  Алматы, Астана, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Рудный, Павлодар, Семей, Шымкент қалаларының студенттері  қатысуда. Қазақ және орыс тілдерінде өтіп жатқан өнер сайысының басты мақсаты  -  жоғары оқу орындары студент жастарының азаматтық және шығармашылық белсенділігін қоғамды демократиялық дамытудың көкейкесті мәселелерін талдау мен қоғамдық талқылау арқылы арттыру. Онда мемлекеттік стратегия мен бағдарларламалар қаралып, жастардың мемлекеттік саясатты зерттеуіне қызығушылығы тудырылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе