Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдары жыл сайын 90 млн. теңгеден астам сомаға қаржыландырылып отыр

АЛМАТЫ. 6 сәАлматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттерге зерттеу жұмыстары үшін жыл сайын 70 млн., ал магистранттар мен докторанттарға 20 млн. теңгеден астам қаржы бөлінуде.Бұл туралы университет ректорының бірінші орынбасары Мүбәрак Ермағанбетов бүгін Алматыда өткен «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында айтты.

М. Ермағанбетұлы ел болашағын баянды ету үшін  жастардың уақыт талабына сай жан-жақты білімді  болуының қажеттілігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ  Қазақстандағы ең көне педагогикалық оқу орнында жас ғалымдарға үлкен қамқорлық жасалып жатқандығын жеткізді. Бұл бағытта әлемнің көптеген елдеріндегі оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынас жасалып, өзара байланыс орнатылғанын және бұл үрдістің алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын айтты.

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде 1993 жылы шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасы ашылды. Қазір мұнда  Жапония, Корея, Въетнам, Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Түркия, Мысыр, АҚШ, Германия, Франция сияқты  мемлекеттерден  келген мыңнан  аса  студент, магистрант және докторант білім алуда. Биыл 8 ақпанда біздің кафедра Ресей білім академиясы президиумының шешімімен «Ресейдің алтын кафедрасы» дипломымен марапатталды», - дейді кафедра меңгерушісі Сәуле Бегалиева.

Оның айтуынша, бұл кафедраның басты мақсаты шетел азаматтарын жаңа технологияларды пайдалана отырып қазақ және орыс тілдеріне үйрету болып табылады. Ұстаздардың сапалы қызмет атқаруының нәтижесінде соңғы үш жылда 150-ден аса ғылыми еңбек жарияланды. Сондай-ақ ҚазҰПУ ректоры грантын ұтып алды.  Бүгінде кафедра  М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей халықтар достастығы университеті, Мәскеу педагогикалық университеті сынды түрлі оқу орындарымен тығыз байланыс жасайды. Мәселен былтыр  М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультеті мен  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология  факультеті арасында ынтымақтастық қатынастар орнатып, өзара  тәжірибе алмасу мақсатында арнайы келісімшарт жасалған болатын. Соның нәтижесінде енді қазақстандық жоғары оқу орнында білім  алып жатқан шетел азаматтары  орыс тіліндегі емтиханды ойдағыдай тапсырып,  Ресейлік университеттің  арнайы сертификатына ие бола алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе