Мажар жастары қазақ тілін меңгеруге жоғары қызығушылық танытуда - Елші Н. Рүстемов

Мажарстан мен Қазақстан арасында студенттермен алмасу саны артады. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Венгриядағы, Сербиядағы, Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов мәлім етті.«Мажарлық жастар қазақ тілін меңгеруге жоғары қызығушылық танытуда. Сегед университетінде Алтайтану кафедрасы бар, осы оқу орнында қазақ тілі зерттелуде. Жақында бұл елдің азаматшасы PhD-ді қазақ тілінде қорғап шықты»,-деді Елші.

Н. Рүстемовтың сөзіне қарағанда, бүгінде Мажарстанда елімізден 200-ден астам студент білім алуда, оның ішінде 45-і үкіметаралық келісім аясында оқып жатыр. Атап айтқанда, өзара келісімге орай Қазақстаннан 45 адам, сәйкесінше Мажарстаннан да осыншама адам білім алу тиіс.

«Бүгінде Білім министрлігінде келісу кезеңінде студенттермен алмасуды 200-ге дейін жеткізу туралы ұсынымы жатыр. Өткен жылы бұл ұсынысты Мажарстан Премьер-Министрі В. Орбан енгізген еді. Биылдың өзінде аталған 45 орынға 300-ден астам өтінім келіп түсті, яғни бір орынға тоғыз үміткерге дейін болды», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе