Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады

АСТАНА. 9 Ағымдағы жылдың наурыз айында универсиетімізде студенттік кинотеатр ашамыз.Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті.

Бұдан басқа, алдағы жылдары Еуразия Ұлттық университетінің жаңа оқу-зертханалық ғимараты мен отбасылы қызметкерлерге арналған 100 пәтерлі үй салынады. Бүгінгі таңда осы нысандар бойынша қаржы мәселесі шешілді. Биыл көктемде құрылыс жұмыстарын бастау жоспарда бар.

«Ал бірер жылдан кейін, жақын жерде Еуразия Ұлттық университетінің спорт кешені бой көтермек», - деп атап көрсетті Е.Сыдықов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе