ШҚО-да биыл 7,5 мың мұғалім арнайы курстан өтеді

– Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылы 7500 мұғалім біліктілігін арттырмақ, деп .

«Қазірде мектеп оқушыларының 95% жаңартылған мазмұн бойынша білім алып жатыр. Биыл 11-ші сыныптар да бұл бағдарламаға көшеді. Осы орайда педагогтарды арнайы курстардан өткізудің маңызы зор. Аймақ бойынша 6,5 млрд теңге бөлініп, 9152 мұғалім біліктілігін арттырған», - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова білім саласына арналған жиын барысында. Биыл 7,5 мың мұғалім арнайы курстан өтпек. Жаңа оқулықтар сатып алуға 1,5 миллиард теңге бөлінген. «Өңіріміздегі 43 мектептің директоры жоқ. Сондай-ақ білім ордаларына 267 мұғалім жетіспейді. Тапшылық әсіресе Өскемен, Риддер қалалары мен Ұлан, Тарбағатай, Аягөз, Катонқарағай, Көкпекті аудандарында байқалып отыр. Көбінесе ағылшын, математика, орыс тілі мен әдебиеті және бастауыш сынып мұғалімдері қажет. Ал жыл сайын педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерді 2 мыңнан астам студент бітіруде. Алайда олардың 500-і ғана мамандық бойынша жұмысқа орналасады», - дейді басқарма басшысы.
5300
    Iздеу

    Күнтізбе