Н.Назарбаев Македония үкіметіне өз университеттерінде оқитын қазақстандықтарға стипендия бергені үшін ризашылық білдірді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Македония үкіметіне өз университеттерінде оқитын қазақстандықтарға стипендия бергені үшін  ризашылық білдірді.«Алдағы жылы біз Македониямен дипломатиялық қатынастарымыздың 20 жылдығын атап өтеміз. Түрлі салаларда ынтымақтастық орнатуға, бірлескен іскерлік жобаларды жүзеге асыруға әзірміз. Македония үкіметіне өз университеттерінде оқитын қазақстандықтарға стипендия бергені үшін  ризашылық білдіремін», - деді Елбасы Ақордада Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалған бірқатар шетелдік дипломаттан сенім грамотасын қабылдау барысында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президентіне Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян, Швеция Елшісі Кристиан Камилл, Чех елшісі Элишка Жигова, Литва елшісі Витаутас Наудужас, Мысыр елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим, Үндістан Елшісі Харш Кумар Джайн, Македония Елшісі Илья Псалтиров, Қытай Елшісі Чжан Ханьхуэй сенім грамотасын табыс еткен болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе