Н. Назарбаевтың Қырғызстанға сапары барысында Қазақ елінің тартуы - жаңа мектептің негізі қаланады деп күтілуде

АСТАНА. 6 Жақында Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақ еліне жасаған алғашқы іс-сапары барысында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Ош қаласындағы жаңа мектептің құрылысына қатысатындығын тағы бір мәрте жеткізді.Бұл туралы бүгін Қырғызстанның Ош және Желалабад облыстарында болған қанды оқиғалардың өткеніне бір жыл толуына арналған баспасөз мәслихатында Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эсенгул Омуралиев мәлім етті.

Оның хабарлауынша, Қырғызстанда бұзылған тұрғын-үйлерді қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгінде 1627 үйдің 1113-і зардап шеккен азаматтарға таратылды.

«Әрине, Қырғызстан үшін халықаралық қауымдастықтың көмегі зор болды. Оның ішінде Қазақстанның қамқорлығын ерекше атап өткен жөн. Қазақ елі Ош және Желалабад қалаларын қалпына келтіруге 11 млн. доллардан астам қаржы бөлді. Оған қоса, жақында Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевтың алғашқы іс-сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Ош қаласындағы жаңа мектептің құрылысына қатысатындығын тағы бір мәрте жеткізді. Қазіргі кезде құрылыстың жері және жалпы жобасы дайындалуда. Меніңше, биыл тамыз айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Қырғызстанға жасайтын сапары барасында ол мектептің негізі қаланады», - деп атап көрсетті Э.Омуралиев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе