Қазақстандық студенттер Үрімші қаласында пікірсайыс өткізді

Қытайдағы Қазақстан студенттері қауымдастығының Шыңжаң бөлімшесі (KSAC) ҚР СІМ паспорттық-визалық қызметтің қолдауымен Үрімші қаласында ҚР Тұңғыш Президентінің Күніне арналған пікірсайыс өткізді.Студенттер алдында ПВҚ қызметкерлері Данияр Серікбаев пен Бауыржан Асқай сөз сөйледі. Олар Қазақстанның гүлденуі мен Мемлекет басшысының  елдің дамуы үшін алға қойған мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда жастар, оның ішінде шетелде білім алып жатқан студенттердің алар орны ерекше екенін атап өтті.

Студенттер «Кеден одағы: жаңа мүшелердің кіруі», «ҚР-дағы экологияны қорғау: Индустрияландырудың ықпалы», «Әскери блоктар: Қазақстан ұстанымы - кіру қажет пе әлде кірмеген дұрыс пе?» және басқа да келелі мәселелерді талқыға салды.

Үздік спикерлер болып Мұқан Тұрсынбай, Бауыржан Оңалсын танылды. Қазақ тілді лигада бірінші орын ШҰАА медициналық университетінің студенттері Сымбат Жанұзақова мен Рахиза Айдосқа, орыс тілді лигада Шыңжаң университетінің студенттері Мария Шеримова мен Әминә Ниязоваға берілді.

Пікірсайыс жеңімпаздары грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еске салсақ, Үрімші қаласында 1250-ге жуық қазақстандық студенттер білім алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе