17 мыңнан астам құтқарушы аттестаттаудан өтеді

АСТАНА. 11 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 мыңнан астам қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді.

 Бұл туралы бүгін аталған министрліктің Кадрлық қамтамасыз ету департаментінің бастығы Ержігіт Күлтаев  мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Орталық аппараттың - 41, Өртке қарсы қызмет комитетінің - 30, «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің - 20, Көкшетау техникалық институтының 115 қызметкері, сондай-ақ облыстық, Астана мен Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменттерінің 1678 құтқарушысы мен өңірлік департаменттерге қарасты «Өрт сөндіру қызметі және апаттық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 15 213 маманы аттестаттаудан өтеді.

«Ал ҚР Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы 20 қызметкерді аттестаттайды», - дейді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе