Астана-Париж: Стратегиялық әріптестікті нығайту жолында

5-6 желтоқсан күндері Франция Президенті Франсуа Олланд Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келді.Елімізге екі күндік сапары барысында Ф.Олланд Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізіп, қазақстандық-француздық бизнес форумның және университеттер форумының жұмысына қатысты, сондай-ақ Алматыдағы «Сорбонна-Қазақстан» университеттерінің ашылу салтанатында болды. 

Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Франция президенттері Бірлескен декларацияны қабылдады, ол екі елдің қазақстандық-француздық қарым-қатынастарының барлық бағыттары бойынша стратегиялық әріптестігін нығайтуға деген өзара ұмтылыстарын беріктендіре түседі. Н.Назарбаев пен Ф.Олландтың келіссөздері барысында француздық компаниялардың Қазақстанның Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңіне қатысу мүмкіндіктеріне көңіл бөлінген. Сондай-ақ француздық тарап «ЭКСПО-2017» көрмесіне әзірлікке және оған қатысуға ниет білдірді.Мемлекет басшылары екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығы мәселелерін де назарларынан тыс қалдырған жоқ. Атап айтқанда, дипломдар мен университет дәрежелерін өзара мойындау және оқыту кезеңдері туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар Қазақстан мен Франция тау шаңғысы туризмі, ғарыш, энергетика және мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді. «Франциямен бірге біз өнеркәсіп саласында 10 жобаны жүзеге асырдық, тағы 18 жоба қарастырылуда. Ол машинажасауға, байланыс саласына, ғарышқа, медицинаға, фармацевтикаға, ауыл шаруашылығына, инфрақұрылымға байланысты», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ф.Олландпен келіссөздер қорытындылары бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар Франция тарапынан Қазақстанның ЕО-пен ынқтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша маңызды келісімдерге қол жеткізілді, Еуропалық одақ пен ЕАЭО арасындағы диалогты қалпына келтіру мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Франция украина дағдарысын реттеу мәселелерінде ортақ ұстанымдарын білдірді.«Қазақстан өз жұмысын 2015 жылы бастайтын Еуразиялық экономикалық одақтан мүлде бас тартпауы тиіс. Бұл әрі қарай экономикалық және саяси даму үшін қажетті қадам. Мен Қазақстан Президентінің оны елді дамытудағы және еуропалық әріптестерімен қарым-қатынастағы барлық бастамаларын қолдаймын. Қазақстанның ЭДЫҰ-мен, ДСҰ-мен ір қарай жақындасуын қалар едім», - деді Франция Президенті.Ф.Олланд екі елдің игілігіне тікелей ықпалын тигізетін экономикалық ынтымақтастықтағы жаңа салаларды құру маңыздылығын атап өтті.«Қазақстандағы алғашқы француздық кәсіпорындар энергетика саласында жұмыс жасады. Біз енді Қазақстан экономикасын әртараптандыру бағытында агроөнеркәсіптік кешенде, туризм саласында, денсаулық сақтауда т.с.с. ынтымақтасамыз, онда келісімдерге қол жеткізілген басқа да салалар қамтылмақ», - деді Ф.Олланд.Франция Президенті әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына кіру жолындағы мақсаттарына қол жеткізуі үшін Қазақстанның барлық мүмкіндіктері барын атап өтті.Қазақстандық-француздық бизнес-форум аясында жалпы сомасы 530,3 млн. долларға 15 коммерциялық келісімге қол қойылды. Жалпы алғанда, соңғы 10 жылы ішінде француз бизнесінің Қазақстанға инвестициялары 11 млрд. долларды құрады. Бүгінде Франция Қазақстан экономикасына салған инвестициялары бойынша төртінші орынды алады. Елімізде 150-ге жуық француздық компаниялар жұмыс жасайды.Қазақстанға келген мемлекеттік сапары аясында Ф.Олланд Алматыға да барды. Мұнда екі ел президенттері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің базасында құрылған «Сорбонна - Қазақстан» институтының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.«Сорбонна - Қазақстан» институты «Париж қаласының Сорбоннасы» (PRES Sorbonne Paris Cité) жоғары білім ғылыми орталығының әлемдегі екінші және Орталық Азиядағы бірден бір филиалы болды. Мұндағы білім процесі Болон конвенциясына сай келеді, қазақстандық және француздық профессорлар дәріс оқиды.«Әлемдік білім беру кеңістігіне тартылмай, Қазақстан инновациялар мен білімге негізделген жаңа экономиканы құра алмайды. Әлемдік деңгейдегі университеттің бізге келуі біздің дұрыс жолды таңдағанымызды білдіреді», - деді Қазақстан Президенті институттың ашылу салтанаты кезінде.Өз кезегінде Ф.Олланд мәдениет және білім саласындағы қазақстандық-француздық ынтымақтастықтың әрі қарай дами беретінін көрсетті. Сондай-ақ ол жаңа оқу орнының түлектері Қазақстанның инноввциялық дамуына маңызды үлес қоса алатындықтарына сенім білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе