С.Қайырбекова медициналық талаптар мен стандарттарға сай келмейтін колледждерге қатаң шара қабылдауды ұсынды

Медициналық талаптар мен стандарттарға сай келмейтін колледждерге қатаң шара қабылдау қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Салидат Қайырбекова мәлім етті.Оның атап өтуінше, медицина қызметкерлерінің орта буынының дайындық сапасына ерекше назар аудару қажет. Бүгінде республикада 68 медициналық колледж жұмыс істеуде. Дегенмен, олардың біразы кадрлар дайындауда салғырттық танытып отыр. Мәселен, аталған колледждердің шағын бөлігіне ғана жүргізілген тексеру медбикелерді дайындаудағы бірқатар кемшіліктерді анықтаған.

«Тексерілген 6 колледждің барлығы да стандарттарға сай келмейді, ал олардағы дайындық сапасы ешқандай сын көтермейді. Сондықтан да Білім министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылы барлық медициналық колледждерге жоспарлы тексеруді аяқтауды, стандарттар мен талаптарға сай келмейтіндеріне қатаң шара қолдануды ұсынамыз. Білім және ғылым министрлігіне біздің ұсынысымызды қабыл алып, белсенді қатысуларын өтінемін», - деді С.Қайырбекова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе