Ақмола облысында ҰБТ нәтижелері шықты

Ақмола облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытынды нәтижелері анықталды,  деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.Облыстық білім басқармасынан мәлім еткендей, 2017 жылдың 21-23 маусымы аралығында өткен ҰБТ-ға 3 мыңнан астам ақмолалық түлек қатысты. Жалпы, биылғы жылы Ақмола облысында барлығы 4331 оқушы мектеп бітірді. Оның 215 - "Алтын белгі", 108 үздік аттестат иегері.

ҰБТ 11 тестілеу пунктінде өтті. Оның 8-і облыстың əр өңірінде болса, 3-еуі Астана қаласында орналасқан.

Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі жəне жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ботагөз Дүйсенованың айтуынша, биылғы жылы орташа балл 79,9 болды. Ақкөл қаласындағы №3 орта мектептің түлегі Айлана Байназарова 140 сұрақтың 134 дұрыс жауап берген. Бұл облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе