Жоғары білікті мамандарға қажеттілік болғанымен ЖОО бітірушілеріне сұраныс төмен - Г.Әбдіқалықова

Жұмыс берушілер тарапынан жоғары білікті мамандарға қажеттілік болғанымен жоғары оқу орындарының бітірушілеріне сұраныс төменгі деңгейде қалыптасып отыр. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары туралы» парламенттік тыңдау барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осылай деп айтты.«Қазіргі таңда еңбек нарығында еңбек ресурстарындағы сұраныс пен ұсыныстың арасында үйлеспеушілік орын алып отыр. Жұмыс берушілер тарапынан жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік бола тұра колледждер мен жоғары оқу орындарын бітірушілерге сұраныс төменгі деңгейде қалыптасуда. Оның басты себебі - кадрлар даярлау жүйесінің мазмұны мен бизнес талаптарының арасындағы алшақтықта», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл көбінесе мамандар даярлау жүйесінің кәсіпорындар сұранысына емес білім беру инфрақұрылмының мүмкіндігіне бағытталуына байланысты орын алуда.

«Қазіргі уақытта Үкімет экономика салалары бойынша еңбек ресурстарына деген сұранысты жан-жақты зерттеуде. Кадрлар даярлау жүйесі еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес қатысушы барлық субъектілер өзара тығыз байланысы арқылы жаңғыртылып отырады», - деді Г.Әбдіқалықова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе