Б.Байбек: мұғалімдер мен дәрігерлердің беделін арттыру қажет

Петропавлда ҮЕҰ өкілдерімен кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек  мұғалімдер мен дәрігерлердің беделін арттыру қажеттігін айтып, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет етуге шақырды, деп хабарлайды аталмыш партияның баспасөз қызметі.«Дәрігерлер мен мұғалімдердің басым көпшілігі -  ең бір қиын кезеңдерде осы салалардан қол үзбей, жұмыс істеуді жалғастыра берген жандар.  Олар еліміздің нағыз патриоттары.  Біз олардың бір кездегі беделін қайта көтеруіміз қажет. Ол үшін  пара алушылардан арамызды тазартуымыз керек», - деп мәлімдеді Б.Байбек Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары сонымен қатар жүйелік жағдайлар (лайықты еңбекақы, жақсы еңбек жағдайлары) жасау қажеттігін, «ұстаздардың есеп берумен емес, тәлім берумен шұғылдануына мүмкіндік беруіміз керек», - деп айтып өтті.

«Бюрократия, қағазбастылық, әуре-сарсаң бар жерде, жемқорлық әрекеттерге  жағдай туады», - деді  ол.

ҮЕҰ кездесуде Б.Байбек  бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің жалпы санының 20%-ын білім беру, 11%-ын  денсаулық сақтау саласы қызметкерлері құрап отырғанын атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе