Анар Қайырбекова университет басшысы қызметінен босатылды

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Анар Қайырбекова жұмыстан босатылды. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп тілшісі.

«Еңбек кодексін, ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы« Заңын және «ОҚМПУ« КЕАҚ Жарғысын басшылыққа ала отырып, ҚР БҒМ бұйрығымен 7 ақпанда Анар Қайырбекова қызметінен босатылды. Өкінішке орай, жұмысты ұйымдастыру барысында А. Қайырбекова тарапынан кемшіліктерге жол беріліп, ҚР Білім және ғылым министрлігімен белгіленген міндеттер орындалмаған. Бос лауазымға орналасуға конкурс қорытындысы аяқталғанға дейін проректорлардың бірі басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды», - делінген министрлік ақпаратында. Еске сала кетсек, тамыз айында ҚР БҒМ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекова аталған ведомствоның жауапты хатшысы Арын Өрсариевті, вице-министрлер Рүстем Биғари мен Фатима Жақыповаларды қызмет көрсету туралы келісімге қол қоюда жемқорлыққа жол берді деп айыптаған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе