Түлектер кешін өткізуге тыйым салынады – елорда әкімдігі

2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша 6 515 елордалық оқушы аттестат алады. Салтанатты рәсім қаланың барлық орта оқу орындарында 3 маусымда өтеді, деп .

Нұр-Сұлтан әкімдігінен мәлім еткендей, аттестат оқу орындарының аулаларында тапсырылады. Одан кейін ағаш отырғызу рәсімі өтеді. «Елордада карантин режимінің сақталуына байланысты аталмыш іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектеп аулаларында өтеді. Оқушылар рәсімге мектеп формасымен қатысады. Аттестат тапсырғаннан кейін «түлектер аллеясында» көшет отырғызу акциясы жоспарланған. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы ескертеді: мектеп бітіру кештерін өткізуге қатаң тыйым салынады», – деді қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыққызы. Биыл 6 199 оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 95% ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады. Оның ішінде 3 665 - қазақ, 2 495 - орыс, 39 - ағылшын тілінде. Бұл ретте, ҰБТ өткізу форматы өзгеріссіз қалады, ұзақтығы - 3 сағат 50 минут. Тест екі блоктан – 3 негізгі пән (20 тапсырма) және 2 бейіндік пәннен (30 тапсырма) тұрады. ҰБТ-ға 11-ші сыныптың төртінші тоқсанының тапсырмалары енгізілмейді. «Карантин режимін ескере отырып, тест басталар алдында емтихан тапсырушылардың температурасы өлшеніп, оқушылар арасында қауіпсіз қашықтық сақталады. Сондай-ақ қосымша санитарлық шаралар қабылданады. Бұдан басқа, оқушыларды ҰБТ өтетін жерге тегін жеткізу қамтамасыз етіледі. Ата-аналар өз балаларының уақытында келуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. ҰБТ басталғанға дейін ғимараттардың өртке қарсы қауіпсіздігі тексеріледі, медициналық көмек және құқықтық тәртіпті қорғау ұйымдастырылады», - делінген әкімдік ақпаратында. Биыл «Алтын белгіге» - 359, үздік аттестатқа 379 түлек үміткер.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе