Шымкентте мектептердің шамадан тыс толып кету мәселесі шешілуде

ШЫМКЕНТ. 16 Шымкентте қалалық білім қызметкерлерінің жыл сайынғы конференциясы болып өтті. Дәстүр бойынша қалалық білім жағдайын талқылауға қалалық мәслихат депутаттары, педагогтар, Шымкент әкімшілігінің өкілдері келді.Конференция басталар алдында холда қонақтарды оқушылар қарсы алды. Жас шымкенттіктер өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Төртінші сынып оқушысы Меруерт Спаева кішкентай болғанына қарамастан, экология мәселелерімен тереңдетіп айналысуда. Қыз бала ересектерді қоқыс тастамауға және міндетті түрде ағаштар, ең болмағанда бір ағаш отырғызуға шақырады, өйткені шымкенттік азамат отырғызған бір ағаштың көшеті қаладағы ауаны айтарлықтай тазартады, деп есептейді ол.

Конференцияда Шымкенттің ең үздік білім ошағы белгілі болды, ол - № 47 мектеп. Бұл мәртебеге оқу мекемесі төртінші жыл қатарынан ие болып отыр. Аталмыш мектептің оқушылары Бірыңғай ұлттық тестілеуде үнемі жақсы нәтижелер көрсетеді. Биыл бұл оқу орнының ҰБТ-дегі орташа балы 93 болды.

Қалалық білім бөлімінің мәліметтерінше, биыл Шымкентте 100 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Қалада мектептердің шамадан тыс толып кетуінің проблемасы да шешілуде, республикалық бюджет қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстанның облыс орталығында әрқайсысы 600 орындық 3 мектеп салынуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе