«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттардың курстық даярлығы аяқталды (ФОТО)

ҚР Қарулы Күштерінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 2015 жылы сержанттар құрамының курстық даярлықты өтуінің талдауы жүргізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады Оның мақсаты кіші сержанттар құрамының кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби даярлық шеңберінде олардың білімін тексеру, сәтті практикалық қызмет үшін жеткілікті көлемде сержанттардың әскери, техникалық және арнайы білімді игеруі, оқыту мен тәрбиелеудің бірыңғай әдістемесін айқындау, бағыныстыларды оқытып-үйретуде инновациялық, перспективті үлгілер мен әдістерді енгізу болып табылды.

 2015 жылы курстық даярлықта 230 сержант оқытылды, оның 33%-ы - жоғары оқу орындарында және 67%-ы - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында.   Өткен жылы 265 сержант, 2013 жылы - 151 сержант оқытылды.

Курстық даярлық қорытындысы бойынша 40398 әскери бөлімінің сержанты аға сержант Ш.Рақышев, 28738 әскери бөлімі батареясының сержанты аға сержант Б.Айтбаев, 44736 әскери бөлімі ротасының сержанты 3-сыныпты сержант Қ.Сәлменов, 27943 әскери бөлімінің рота сержанты 3-сыныпты сержант Қ.Әділов, 10810 әскери бөлімінің бөлімше командирі кіші сержант А.Мұхаметқалиев атап өтілді. 

Құрамалар мен әскери бөлімдер арасындағы рейтингте 10810 және 27943 әскери бөлімдерінің сержанттары үздік көрінді.

Жалпы алғанда, үлгерімнің орташа есебі 4,2 балды құрады. Бұл курстық даярлау әдісімен өткізу әрі қарай сержанттарға лауазымдық арналуына сәйкес өздерінің функционалдық міндеттерін орындауға мүмкіндік беретінін растайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе