Қостанай облысында 12 мыңға жуық оқушы жазғы лагерде тегін демалады

– Қостанай облысында 12 мыңға жуық оқушы жазғы лагерде тегін демалады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық кеңесте білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк мәлім етті, деп облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл облыста 2015 орындық 12 демалыс лагері жұмыс істейді. Олардың оны мемлекеттік болса, екеуі – жекенің меншігінде. Қазір барлық лагерлер балаларды қабылдауға дайындық үстінде. «Осы жылы жазғы демалыс орындарына тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан 12 мыңға жуық баланы тегін жіберу жоспарланған. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 74,2 млн теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар, интернатта жатқан балалар өздеріне бұрыннан белгіленген сауықтыру орындарында демалады. Мәселен, №1 Рудный арнайы мектеп-интернатының 131 баласы Бәкіров атындағы демалыс орнына жіберіледі. Ал таяуда ғана қайта ашылған ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оңалту орталығы мен Қостанай арнайы мектебінің 130 оқушысы жазғы демалыстарын «Алтынгүл» лагерінде өткізетін болады. Сондай-ақ, облыс орталығындағы «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін қала сыртындағы лагерлерге жолдамалар сатып алынады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 109 млн теңге қарастырылған, - деді білім басқармасының басшысы В. Цымбалюк. Мектептердің жанынан 1 мың 300-ге жуық лагер ашу жоспарланған. Мұнда жалпы саны 60 мыңнан астам бала жазғы уақытын өткізеді. Бұған қоса Тіл алаңдары, көшбасшылар слеті, олимпиадалық резерв мектептері тұрақты жұмыс істейді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе