Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі 2016 жылы шешіледі - облыс әкімі

Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі 2016 жылдың бірінші жартысына дейін шешіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтты. «Былтыр біз облыс мектептеріндегі үш мерзімдік оқу мәселесін шештік. Биыл апатты жағдайдағы мектептерді алмастыратын 12 мектеп салдық. Бұл мәселені егер бюджет қаражаты жетіп жатса, келесі жылы толық шешеміз немесе 2016 жылдың бірінші жартысында орындаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе