Астанадағы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетте Румынияның экс-президенті Жібек жолын жаңғыртудағы Елбасының рөлі туралы дәріс оқиды

АСТАНА. 27 Ертең, сәрсенбі күні Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Румынияның экс-президенті Э.Константинеску бастаған делегацияны қабылдау өтеді.Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Шара «Тұңғыш Назарбаев оқулары: Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халықаралық форумы аясында ұйымдастырылғалы отыр. Оның барысында ҚазАТУ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері алдында Румынияның экс-президенті Э.Константинеску «Қазақстан және ХХІ ғасырда Жібек жолын жаңғыртуда Президент Н.Назарбаевтың рөлі» тақырыбында дәріс оқиды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе