ҚХР Төрағасы С. Цзиньпиннің Назарбаев университетінде оқыған дәрісін бүкіл қытай халқы тыңдады

АСТАНА. 7 Бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Назарбаев университетінде оқыған дәрісін бүкіл қытай халқы тыңдады.Осы мақсатта Назарбаев университетінде арнайы спутниктік құрылғылар орнатылды. Ол арқылы Қытайдың халықаралық радиосы және осы елдің «CCTV» телеарнасы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің дәрісін тікелей эфир арқылы бүкіл қытай еліне таратты. Дәрістен кейін аталған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қазақстандықтардан пікір жинап шықты. Оның барлығы С.Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары туралы бейнесюжеттерге кіреді. Айта кетейік, бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстандағы мемлекеттік сапарын Назарбаев университетінен бастады. Сол жерде ол қазақ-қытай достығы жайында кеңінен әңгіме айтып, екі жақты әріптестікті дамыту жайын қозғады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе