Орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыру әдісі енгізіледі

АСТАНА.  24 2015 жылдан бастап орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыру әдісі енгізіледі.Бұл туралы бүгін Астанадағы «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» республикалық педагогикалық тамыз конференциясында  Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.  

«Жаңа оқу жылының алдында тағы бір жаңалықты айтқым келеді.

2015 жылдан бастап орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыру әдісі енгізіледі. АҚШ-тың, Швецияның, Канаданың, Дания мен басқа да елдердің тәжірибесі бойынша жүргізілген талдау осы тәсілдің тиімділігін көрсетіп отыр»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орта білімді жан басына қаржыландыру әдісі сынақтан өте бастады.  Техникалық және кәсіптік білім саласы бойынша Ақмола және Павлодар облыстарында басталды.

«Ақша оқушымен бірге жүреді» формуласы негізге алына отырып, қаржыландыру ережесі мен әдістемесі әзірленді. Негізгі мақсат - мектепті дамыту, сапа мен бәсекеге қабілеттілікті үнемі арттырудың нарықтық   процестерін ынталандыру.Сан сапаға айналады, өйткені оқушының сапалы білім беру қызметін ұсыну арқылы ғана қызығушылығын арттыруға болады. Білім беру қызметіне қол жеткізуді арттыру үшін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) механизмі әзірленді. Бұл жүйе әрбір азаматқа келешекте баланың жоғары оқу орнында, колледжде оқуы үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді»,-деді Б. Жұмағұлов.Ол ағымдағы жылдың соңына дейін енгізіле бастайды.

«Қоғамда және жекелеген БАҚ-та МБЖЖ-ның рөлі туралы түсініспеушіліктер бар екенін айта кетейін.  Сондықтан сіздер оны белсенді түрде түсіндірулеріңіз қажет. Ешқашан МБЖЖ-ны мемлекеттік грант жүйесіне қарсы қоюға болмайды. Керісінше олар жүйелі түрде дамып, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді»,-деп түйіндеді ведомство басшысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе