Испанияда қудалауға ұшыраған қазақстандық студенттер елге оралатын болды

– ҚР Білім және ғылым министрлігі Испанияда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің мәселесін шешіп берді, деп тілшісі.Айта кетейік, Instagram желісінде қазақстандық студенттер жергілікті тұрғындар тарапынан шеттеу барын айтып, шағымданған еді. Бүгін таңертең Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Direct Instagram арқылы қазақстандық студенттер еліне қайту үшін билет сатып алынғанын жазды.«Сіздер 2 наурызда ұшып шығуларыңыз керек еді. Бас тарттыңыздар. Сіздердің өтініштеріңізге байланысты ҚазҰУ ертеңге билет сатып алып қойды», - деп жазды ол.Өз кезегінде студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкіліне алғыс айтты. «Біздің мәселемізге назар аударғандарыңызға көп рахмет. Қайта хабарласқандарыңызға рахмет» - деп жазды жазба авторы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе