«Болашақтың энергиясы - EXPO-2017» атты студенттердің қалалық шығармашылық көрмесі өтті

Елордадағы Көлік және коммуникация колледжінде "EXPO- 2017" халықаралық көрмесіне орай техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында "Болашақтың энергиясы - EXPO-2017" атты студенттердің қалалық шығармашылық көрмесі өтті. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасынан хабарлады.Көрмеге Астана қаласының колледждері қатысып, олардың  экономиканың әртүрлі салалалары бойынша 30 жобасы ұсынылды.

Көрменің мақсаты - техникалық-кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттерін энергетиканың өзекті және мақсатты бағыттағы жобаларын орындауға қызықтыру, кәсіби және ғылыми шығармашылық, инновациялық идеялары мен жобаларды дамытуға ат салысуға шақыру.

Байқау нәтижесінде бас жүлдені М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы Ақмола колледжінің студенттері иеленді. Политехникалық колледж студенттері "Жайлы үй" жобасымен I орынды жеңіп алды. II орынды "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК студенттері және "Энергетика және байланыс колледжі" МКҚК студенттерімен  бөлісті.  III орынды "Көрмелік орталық" макеті бойынша "Политехникалық колледжі" МКҚК студенттері және "Сұйық сутегіден электр энергиясын өндіру" тақырыбы бойынша жұмысымен "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК  студенттері иеленді. «Техникалық колледж» МКҚК студенті Фербер Герберт үздік «Өнертапқыш» номинациясын жеңіп алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе