Бұрынғы Семей ядролық полигонының маңындағы Сарыжал ауылында мектеп салынуда

- Абай ауданының Сарыжал ауылында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ауылдық клубтың салтанатты ашылуы болды.Бұған дейін мұнда сауда үйі болған еді, енді ғимарат «Туған жерге тағзым» акциясы ауқымында мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады облыс әкімінің ақпарат орталығы. «Абай ауданының сәулет, қала салу және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен Семейдің «Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы ғимаратты ауылдық клубқа ыңғайлап, жаңғыртты. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 174 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Сонымен қатар ауылда 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. 1971 жылы салынған және 500 оқушыға шақталған ескі мектеп тарлық ете бастады. Соңғы жылдары ауданда бала туу жылдам өсіп келеді, бұл жергілікті халықтың әл-ауқаты арта түскенін білдіреді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе