Бағдат Мусин: Kundelik бар болса, мұғалімдер неге осыған дейін сынып журналын толтырып жүрген

– Қазақстан Президентінің кеңесшісі Бағдат Мусин цифрлық білім беру жүйесін жолға қою үшін Білім және ғылым министрлігінің өзінде Digital office болуы керектігін мәлім етті, деп тілшісі.

«Сабақ берудегі видеоконтент туралы айтар болсақ, видеостримингтің өзінен гөрі қазір көбі графикалық контентті қолай көреді. Графикалық контенттің өзі – растрлы және векторлы кескіндерге бөлінеді. «Macromedia Flash» бағдарламасымен жұмыс істейтін маман векторлы мультимедиялық файлдардың, ІТ тілімен айтқанда, салмағы жеңіл екенін түсінеді. Сол себепті бұл салаға нақты маманды отырғызып, интернет көтере алмайтын контентпен жұмыс істемеу керек. Білім және ғылым министрлігінің өзінде Digital office болуы керек деп есептеймін. Ол кеңсе мұғалімдерді техникамен қамтамасыз етуді емес, цифрлық әлемнің білім беру саласына қалай әсер ететінін тап басып біле алатын, трансформацияны ойлайтындай мекеме болуы тиіс», - деді Бағдат Мусин қашықтан оқыту технологияларын қолданудың проблемалары талқыланған онлайн режимдегі кездесуде. Президенттің кеңесшісі, сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігіне сұрағы барын жеткізді. «Біз бүгінгі күні «Kundelik» жүйесін жолға қойып алғанымызбен, неліктен осыған дейін сынып журналынан бас тартпағанбыз. Яғни «Kundelik» жүйесімен бірге журналды да толтырып жүргенбіз. Ертеңгі күнімізді ойлап, үрейде болдық. Батылырақ болып, журналдардан да, қағаз есептерден де бас тарту керек. Мұғалімдердің әлеуметтік желіде сабақ береміз бе, жоқ әлде есеп беріп жүре береміз бе деген сыңайдағы уәждері мен дауларын талай көрдік. Сол себепті қазіргі таңда қолда барды барынша пайдалану керек», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе