Профессор-оқытушы қызметкерлердің 9,3 пайызының ғылым докторы дәрежесі бар

АСТАНА. 24 Республиканың жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің жалпы санында едәуір үлес салмақ келесі мамандықтарға тиесілі: педагогикалық мамандықтар - 23,5%,  әлеуметтік ғылымдар және бизнес - 19,2%, техникалық ғылымдар және технологиялар - 18,6%.

Бұл жайында ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланған.

Штатта тұратын профессорлық-оқытушылық құрамның саны 41 224 адам, қоса атқарушылық қызмет бойынша 5 915 оқытушы жұмыс істейді. Профессор-оқытушы қызметкерлердің 9,3%-ның ғылым докторы, 36,8%-ның - ғылым кандидаты, 6,9%-ның - профессор және 18,6 %-ның - доцент ғылыми дәрежесі бар. Магистрдің академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны - 7 167 адам.

 ЖОО-дың барлық ғимараттарының жалпы алаңы 5 159,7 мың шаршы метрді, оқу-зертханалық ғимараттардың жалпы алаңы - 2 844,7 мың шаршы метрді қамтып отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе