2012 жылы дәрігерлерді шетелге оқуға жіберу үшін 200 млн. теңгеге жуық қаражат бөлу көзделген

АСТАНА. 10 2011 жылы Мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында 9000 медицина қызметкері оқудан өтті, деп хабарлайды Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында институт ректоры Уәлихан Ахметов.

«Денсаулық сақтау министрлігі болашақта бұдан да көп дәрігерлер мен медицина мамандарын оқыта алатын профессорлар мен оқытушыларды дайындауға ерекше назар бөлді. «Тeaching-дәрігерлер» (ұстаз-дәрігерлер) деп аталатын бұл санаттағы қызметкерлерді ең бірінші кезекте шетелде білім алуға жіберу көзделген», - деді У. Ахметов.

2012 жылы дәрігерлерді шетелге оқуға жіберу үшін  200 млн. теңгеге жуық қаражат бөлу қарастырылған.

Ал 2011 жылы аталмыш оқу орнының базасында денсаулық сақтау саласындағы 300 менеджер оқып шықты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе