Н.Назарбаев: ШҚО әрқашан да интеллектуалды әлеуетімен ерекшеленіп келеді

ШҚО активімен кездесу барысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Шығыс Қазақстан үнемі өндіріс есебінен дамып келеді және елдің үздік инженерлері осы жерде», деп атап өтті. «Ал инженерлер - бұл интеллигенция, интеллектуалды әлеует, - деді  Нұрсұлтан Назарбаев. - Интеллектуалды әлеуеттің дамуын қамтамасыз ету үшін өндірісті ғылыммен байланыстыру керек. Мұндағы университеттер де жақсы. Мен көрмені қарап шықтым, жақсы зерттеулер бар. Алайда қарқынды арттыру керек».

Қазақстан Президенті өңірде дуалды білім беру жүйесінің тәжірибесін енгізу бойынша жұмыстарға ден қойды.  «ШҚО-да оқу процесі мен өндірістің өзара байланысына үлкен назар аудару маңызды. Сіздер дуалды білім беру жүйесін қолға алдыңыздар ғой? Әрбір кәсіпорын түлекті жұмысқа алып, оған мамандық беруі тиіс. Мемлекет мұны қолдап отыр», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Шығыс Қазақстанның бүкіл республика бойынша дуалды білім беруді дамытуда озық тәжірибесі бар екенін атап өту керек. Оған ШҚО-да «ТжКО-ға дуалды оқу жүйесін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі» үшінші республикалық форумының өткізілуі дәлел. Сонымен бірге, Елбасының  Қазақстанда дуалды оқытудың ұлттық үлгісін қалыптастыру туралы тапсырмасын орындау аясында халықты жұмыспен қамту саласында Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері мен ШҚО әкімдігінің арасында, сонымен бірге, ел облыстарының кәсіпорындары мен колледждері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, деп атап өтті облыс әкімінің ақпараттық орталығынан.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе