Қазақстан ҚХР-мен студент алмасуға дайын - Н.Назарбаев

АСТАНА. 7 Қазақстан студенттік алмасу аясында ҚХР жастарын күтіп алуға дайын. Бұл туралы бүгін Назарбаев университетінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен дәрісте Елбасы Н.Назарбаев мәлім етті.«Мен студенттермен алмасуға деген Сіздің құлшынысыңызға ризашылық білдіремін. Біз Қытай студенттерін күтіп алуға дайынбыз. Бұл жастардың өзара танысып, бүгіндері біз қалап жатқан берік қарым-қатынастарды келешекте жалғастыру үшін керек игі іс», - деді ҚР Президенті.

Н.Назарбаевтың атап өткеніндей, Қазақстан өзара ұзақмерзімді әріптестікті одан әрі жалғастыруға және ҚХР-дың тату көршісі ретінде оның экономикалық серіктесі болуға дайын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе