Мектеп түлектері «Менің атаулы ағашым» акциясына қосылуда

АСТАНА. 24 Ертең Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясының түлектері «Болашақтың энергиясы!» ұранымен өздерінің есімдері жазылған ағаштар отырғызумен айналысады.Бұл шара «Болашақ бүгіннен басталады!» респукбликалық науқанының аясында өтеді.

Мектеп түлектерінің (105 адам) қатысуы жоспарланған аталмыш акция Соңғы қоңырау күніне орайластырылып, «Жастардың еңбек жасақтарының республикалық штабы» жекеменшік мекемесімен ұйымдастырылған.

Мақсаты - мектеп аумағын көгалдандыру, мектеп түлектерінде еңбексүйгіштік және қоршаған ортаға жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу, көшеттерді отырғызу және түлектердің ересек өмірге қадам басуы арасындағы параллельді өткізу.

«Жасыл ел» республикалық штабы» «Менің атаулы ағашым» акциясын жыл сайын өткізеді. Соның нәтижесінде өз қызметінің барлық жылдарында бүкіл республика бойынша аталған акцияға 27 мыңнан астам адам қатысып, түрлі ағаштардың 54 мыңнан астам көшеттері отырғызылды. Акция жастардың қоғамдық-пайдалы еңбекке жақсы қатынасының қалыптасуына септігін тигізетін олардың бірігуінің факторы болып табылады», - деп мәлімдейді шараның ұйымдастырушылары және барлығын оған қатысуға шақырады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе