Алматыда шығыстанушы жас ғалымдардың оқулары өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 30 Бүгін Алматыда  «Қазақстан және шығыс елдері: тарихы мен бүгіні» тақырыбымен жас ғалымдардың ХІІІ ғылыми оқулары өтіп жатыр.Оны Рамазан Сүлейменов атындағы шығыстану институты  мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің  Жас ғалымдар кеңестері бірлесіп ұйымдастырып отыр. Ол танымал шығыстанушы Венимин Юдинді еске алуға және Қазақстан Республикасының шығыс әлемімен орнатылған дипломатиялық қатынастарының 20 жылдығына арналды.

«Ғылымды жасайтын ғалымдар. Білім-ғылым ең алдымен, адамға байланысты. Біз кеңестік дәуірде бәрін халық шешеді, халық кемеңгер деп жүрдік. Ол бір жағынан дұрыс. Бірақ ғылымға, өнерге келгенде талант керек. Онсыз ештеңе шықпайды», - дейді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Бейімбет Ирмуханов.

Оның айтуынша, шығыстану мен жалпы тарих кеңестік дәуірде Қазақстанда аса дамыған жоқ. Ғалымдар бірен-саран ғана болды. Олардың өзі Мәскеу, Санкт-Петербор сияқты қалалардан ауысып келгендер. Ал жергілікті жерден шығып, халықаралық деңгейде белгілі болғанмен, есімі әлемге әйгілінген зерттеушілер жоқ деуге болады. Өйткені шығыстану ғылымы әлі даму сатысында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе