Ақтөбеде 11-ші сынып оқушылары арасында ІІ президенттік олимпиада өтуде

АҚТӨБЕ. Қазанның 30/Самал Ендібаева/ - Жұма күні Ақтөбеде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша 11-ші сынып оқушыларының арасында екінші президенттік олимпиаданың бірінші туры басталды.Олимпиаданың бірінші аймақтық турына 262 оқушы қатысты: 100 бала - аудандық мектептерден, 100-ден астам оқушы - қалалық мектептерден, 59 оқушы - дарынды балаларға арналған интернаттың, гимназия мен лицейлерден қатысты. Сенбі күні өтетін екінші кезеңде оқушылар Интернет-олимпиадаға қатысады және эссе жазудан жарысады, деп хабарлады ұйымдастырушы - «Ақтөбе-дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының өкілдері.

Ал, елордада өтетін үшінші - республикалық турдың жеңімпаздары бірқатар білім гранттарына ие болады. Атап айтқанда, республикалық олимпиадада бірінші орын алғандар «Болашақ» президенттік бағдарламасына конкурстан тыс қатыса алады, ал 2-3-ші орын алғандар - еліміздің кез-келген оқу орнына конкурстан тыс түседі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе