Бейжіңде «Қазақстан орталығы» ашылды (ФОТО)

Бүгін Бейжіңдегі шет тілдері университетінде ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің бастамасымен «Қазақстан орталығы» ашылды.Орталық жұмысына ресми бастауды ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен аталмыш ЖОО-ның ректоры Пэн Лун (Peng Long) берді. 

«Соңғы кездері Қытайдың Қазақстанға қызығушылықтары артып келеді, бұған халықтық дипломатияның қарқынды дамуы дәлел бола алады. Жоғары оқу орны ретінде біз де бұл үрдіске атсалысқымыз келеді», - деді Пэн Лун.Оның айтуынша, 2016 жылы университет 15 қытайлық студентті «қазақ тілі және елтану» мамандығы бойынша қабылдамақ. «2017 жылы Астанада ЭКСПО көрмесі өтеді. Қытай біздің идеямызды толық қолдап, бұл шараға қатысады. 2017 жыл Қазақстандағы Қытай жылы болып жарияланды. Біз ҚХР-дан туристер келеді деп үміттенеміз. Осы орайда визалық режімді жеңілдету мақсатында Қытаймен ертең жеңілдетілген топтық туризм туралы келісімге қол қоймақпыз. Сіздердің университеттеріңіздің қабырғасында келесі жылдан бастап қазақ тілін үйренетін студенттер бұл жұмысқа еріктілер ретінде ат салысып, қытайлық туристерге Астананы аралауда көмек бере алады», - деді Б.Сағынтаев.Ол осы университет пен Қытайды зерттеу бойынша Еуразиялық орталық құру жоспарланып отырған Назарбаев Университеті арасында ғылыми-академиялық ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Бұл ұсынысты Пэн Лун қолдады. Б.Сағынтаев Бейжің университетіне «Қазақстан тарихы мәне мәдениетінің үлкен атласын» сыйға тартты.«Қазақстан орталығы» Қазақстанның тілі мән мәдениетін, жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын ілгерлету мен танымал етудегі дипломатиялық алаңға айналады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе