Ауыл – Ел бесiгi: Биыл Қостанай облысында 3 мектеп салынады

– Биыл облыстағы білім беру мекемелерін жөндеуге бюджеттен 13,5 млрд теңге бөлінді, деп тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. Осы жылы өңірде 3 мектеп салынып, 30 білім ғимаратына күрделі, 102 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ауқымды жобалар негізінен «Ауыл - Ел бесiгi» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары арқылы қаржыландырылмақ. «Мектептерді күрделі жөндеуден өткізу үшін 7,4 млрд теңге қарастырылған. Мәселен, Қарасу ауылындағы апатты жағдайда тұрған білім ошағының орнына таяуда 320 орындық жаңа мектеп құрылысы басталады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылатын бұл жобаның құны – 1.3 млрд теңге. Жаңа мектептің құрылысы биыл желтоқсан айына дейін аяқталмақ. Басқарма мамандары 2020 жылы жүзеге асатын құрылыс жобалары мен күрделі және жеңіл жөндеуден өтетін нысандар тізімін жасады. Бұл тізімге жалпы сомасы 9,2 млрд теңге болатын 35 инфрақұрылымдық жоба еніп отыр. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2300 уақытша жұмыс орны ашылады», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк. Ағымдағы жөндеуден өтетін 102 нысанның бірі – Қостанайдағы №17-ші орта мектеп. 1979 жылы іргесі қаланған ғимарат бұған дейін күрделі жөндеу көрмеген. Жұмыспен қамту жол картасы аясында бұл жобаға 93 құрылысшы тартылып отыр. Нысан тамыз айында тапсырылмақ. Қазір білім ошағында жөндеу жұмыстарының 65%-ы орындалған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе