ҚР Үкіметі жанындағы ЖҒТК отырысында 2014 жылға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру көлемі бекітілді

АСТАНА. 22 Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның отырысы болды, деп хабарлады primeminister.kz.Отырыста 2014 жылға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру көлемі қаралып, бекітілді. Бұл мәселе бойынша ҚР білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов баяндама жасады.

С.Ахметов Мемлекет басшысы ғылымға, оның ішінде біздің ғалымдарды инновациялық үдерістерге, экономиканы дамытуға тарту үшін жағдайлар жасауға айрықша көңіл бөлетінін атап өтті.

«Гранттық қаржыландыру байқауының қорытындысы көрсеткендей, ұлттық ғылыми кеңестер ұсынылған 6593 өтінімнің ішінен 2115 жобаны таңдап алды. Жобаларды іріктеу барысында тәуелсіз сарапшылар қызметі енгізіліп, барлығы 2990 сарапшы тартылды, оның ішінде 1759 шетелдік сарапшылар», - деді Б.Жұмағұлов.

Министрдің айтуынша, өтінімдер динамикасы ғалымдардың жоғарғы белсенділігін көрсетіп отыр, сонымен, енді жобаларды ғылыми ұйымдармен қатар, жекелеген зерттеушілер де ұсына алады. 

«Бұл орайда, өткен жылдары Алматы мен Астана қалалары толық басымдық алған болса, бүгінгі күні жобалардың 40%-ға жуығы өңірлердің үлесіне тиіп отыр», - деп атап көрсетті Б.Жұмағұлов.

Бұдан басқа, ЖҒТК мүшелері 2014-2016 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру, сондай-ақ ғылымды дамыту басымдықтары бойынша жаңа ғылыми-техникалық бағдарламаларды мақұлдады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе