Павлодарлық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 57 медаль жеңіп алған

– Биыл Павлодар облысы мектептерінің оқушылары 12 беделді олимпиадада топ жарған, деп тілшісі. «Биыл осымен он екінші рет өтіп жатқан халықаралық олимпиадалар мен байқауларға 111 оқушы қатысып, оның 57-сі жүлделі орындар алды, - деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат. – Биылғы жылдың басты оқиғасы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің он бірінші сынып оқушысы Владислав Черданцевтың химия пәнінен Ресейде өткен Халықаралық Менделеев олимпиадасында және Францияда болған химиядан халықаралық олимпиадада (IChO) күміс медальға ие болуы. Владислав әлемнің ең беделді техникалық оқу ордаларының бірі - Массачусетс технологиялық университетінің (АҚШ) оқу грантына ие болды».Дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары Рүстем Хасанов, Әлихан Абихас Алматыда өткен информатика пәнінен Еуразия олимпиадасында алтын медальге қол жеткізіп, оның қорытындысы бойынша ҚБТУ (Алматы) мен IT Астана университетттерінің грантын жеңіп алған. «Айта кетейік, аталған мектептің тоғызыншы сынып оқушылары Дінмұхаммед Рахымжанов пен Владимир Лим математикадан Катарда өткен халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасында күміс алса, 10-сынып оқушысы Уколов Иван Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында қолаға қол жеткізген. Жәутіков олимпиадасында Ислам Ғаллам информатика пәнінен, Шерхан Тұрғын математикадан - күміс, физикадан Ярослав Басов - күміс, Антон Драганчук - қола, Әділет Зейнекен - информатикадан қола алды», - деп атап өтті облыстық білім басқармасынан.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе