Спорт ғимараттары оқушыларға тегін болуы керек - БҒМ

Білім және ғылым министрлігі жергілікті жерлердегі спорт ғимараттарының оқушылар үшін тегін қызмет көрсетуі керектігі туралы мәселе көтерді. Ол туралы бүгін Парламент Сенатында спортты дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті. «Біз Мәдениет және спорт министрлігіне президенттік тест тапсыру барысындағы жетістіктері үшін оқушыларға спорттық белгілер енгізуді ұсынамыз. Бұдан бөлек, жастар арасында дене шынықтыруға, спортқа дайындық мәселелеріне қатысты мониторинг енгізілуі тиіс», - деді вице-министр. Оның айтуынша, спорт ғимараттарының қолжетімділігін қамту да өзекті мәселе.

«Жергілікті атқарушы органдар спорт ғимараттарын тегін жеңілдікпен пайдалану құқығын қамтамасыз етулері керек, соның ішінде жетім балаларға спорттық ғимараттарға баруда басымдық құқығы болғаны дұрыс», - деді Е. Иманғалиев.

Бұдан бөлек, вице-министр ауқымды тұрғын үйлер алабынан спортық аула клубтарын салу, аулалық спорт алаңдарының құрылысы, аудандық білім беру бөлімшелері жанынан жасөспірім балалардың спорттық клубтарын құру мәселелеріне тоқталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе