Ресейде қазақстандық 2 мыңға жуық әскери білім алды - Б. Жәмішев

АСТАНА. 16  1996-2004 жылдар аралығында Ресейде  қазақстандық 1990 әскери

 білім алды.Осыған орай, Қазақстанның Ресейге қарызы 135,73 млн. долларды құрап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Қаржы министрі Болат Жәмішевтың айтуынша, қазақстандық әскерилерді оқытуға қатысты Ресей Федерациясына қарыз 1996-2004 жылдар арасында қалыптасқан. «Жалпы 1996-2004 жылдар аралығында 1990 қазақстандық әскери қызметші Ресейде оқып келді. Оның ішінде офицер-тыңдаушылар - 204,  біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша білім алған офицерлер саны - 323, сондай-ақ 1418-курсант оқыды. Осы аралықта Қазақстанның Ресей тарапына қарызы 135,73 млн. доллар шамасында болды», - дейді Б. Жәмішев.

Еске сала кетейік, Мәжіліс мақұлдаған келісімге сәйкес, Қазақстан Ресейден 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Сарышаған, Ембі сынақ полигондарын, ел аумағында орналасқан Ресейдің 929 мемлекеттік ұшу - сынақ орталығы мен Ресейдің 4 мемлекеттік орталық полигонының нысандары мен жауынгерлік адамдарын  пайдалануға байланысты талап қоймайды.

Ал, өз кезегінде Ресей Қазақстанға 1996 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Ресей Федерациясында білім алған қазақстандық әскерилер үшін шығынды талап етпейтін болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе