СҚО іскер әйелдер қауымдастығы аз қамтылған 25 отбасының балаларына аяқ киім сатып алып берді

Петропавлда «СҚО іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері «Мектепке жол» республикалық кең көлемді акциясы аясында аз қамтылған 25 отбасының балаларына аяқ киім сатып алып берді.«Біз акцияны жас аналар қоғамымен бірлесе ұйымдастырып жатырмыз. Олар бала күтіміне байланысты демалыста отырған, алайда мұқтаж жанұяларға көмек қолын созғысы келетін аналар. «Мектепке жол» акциясына жыл сайын қатысып отырамыз. Бүгін біз қайырымдылық жәрмеңкесін өткіздік, концерт ұйымдастырдық, сондай-ақ аз қамтылған 25 отбасының балаларына аяқ киім сатып алып бердік. Бұл үшін 150 мың теңге ақша жұмсадық. Әр бала мектепке баруға мүмкіндігі болуы үшін барлық адамдарды қайырымдылық танытып, қоғамның әлеуметтік аз қамтылған табына көмек қолын созуға шақырамын», - деді «СҚО іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы Б. Самиева.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе