Орнықты даму демократия негізінде ішкі саяси тұрақтылықты көрсетеді, бірақ оны сырттан іздемей, елдің мәдени дәстүрінен ескеру маңызды - Қ.Тоқаев

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Тұрақты адами дамудың жаңа парадигмасы. G-Global - жаһандық диалог форматы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Сенат төрағасы қатысушыларға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Мемлекет басшысы үндеуінде G-Global жобасы аймақтық және халықаралық ауқымда табысты жүзеге асырылып жатқаны, дарынды жас адамдардың және қоғамдық ұйымдар мен бизнес құрылымдардың қуатты интеллектуалдық әлеуетіне ие екендігі атап өтілді.

Жиынның маңыздылығын атай келе, Қ.Тоқаев жаңа парадигманың 10 тұжырымын ұсынды.Атап айтқанда, орнықты дамудың жаңа парадигмасында экономикалық, экологиялық мәселелерді қайта қарау, адам капиталының дамуына басымдық берілмек.

«Жаңа тұжырымдама терроризм мен экстремизмнің жолын қалай кесу керек, әлемдік саясаттағы жанжалдарды азайту сұрақтарына жауап беру керек. Орнықты даму демократия негізінде ішкі саяси тұрақтылықты көрсетеді, бірақ оны сырттан іздемей, тарихи тәжірибені елдің мәдени дәстүрлерін ескеру маңызды», - деді Сенат төрағасы.Қ.Тоқаев адамзат алдында жаңа дәуірде туындаған сын-қатерлермен күресте Қазақстанның ұстанымын жан-жақты ашып берді.

«Қазақстан қырғи-қабақ соғыстың таптаурын көзқарастарын еңсере отырып, өзара сенімді жаһандық іс-қимылды нығайту арқылы әлемдік экономиканы дағдарыстар мен рецессияның шырмауынан шығаруға болады деген көзқарасты ұстанады»,- деді Сенат төрағасы
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе