Отбасы күні қарсаңында Астана колледждерінде «Мәңгілік, махаббат, тарих» онлайн сабағы өтеді

АСТАНА. 5 Бүгін Астанада Отбасы күні қарсаңында қаланың барлық колледждерінде «Мәңгілік, махаббат, тарих» онлайн сабағы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасынан хабарлады. Сабақ ҚазМЗУ Гуманитарлық-заң колледжінің базасында өтіп, басқа колледждерде трансляцияланады.Онлайн сабақ сағат 11:00 басталады және бір академиялық сағаттың ішінде екі педагог астаналықтарға отбасылық құндылықтар туралы айтып береді. Интерактивті сабақты Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі және «SOS» балалар деревнясының тәрбиешісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

Ұйымдастырушылар astana.kz сайтына хабарлағандай, сабақ барысында студенттерге адамзаттың басты құндылықтары, отбасына және туған өлкесіне деген махаббат туралы айтылады. Бұдан басқа, сабақ барысында қазақ ұлттық аспабы - домбыра таныстырылады. Балалар деревнясының тәрбиеленушілері ұлттық аспапта ойнау шеберліктерін көрсетеді, ал колледж студенттері Туған жер мен отбасы туралы өлеңдер оқиды.

«Біз студенттердің бойында адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылықты, білімге құмарлықты оятып, ой-өрістерін кеңейтіп, Отанына деген мақтаныш пен махаббат, халқының тарихын сақтаушы отбасыға деген құрмет сезімдерін тәрбиелемекпіз. Бұл сабақтың мақсаты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы педагогикалық тәжірибе алмасу болып табылады»,- дейді ұйымдастырушылар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе