Елордада «Kazakhstan Education Abroad» көрме-форумы өтеді.

АСТАНА. 2 13 наурыз күні  елордада  a2 International Education Fairs, Study Innovations компаниялары мен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Kazakhstan Education Abroad»көрме-форумы өтеді, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.

Көрме-форумда 100-ден аса шетелдің ең үздік оқу орындары мен Қазақстанның 30-ға тарта жоғары оқу орындары өз қызметтерімен таныстырады.

Сонымен қатар, форум жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері қатысады.

Іс-шара «Болашақ» бағдарламасы әріптестеріне бакалавр және магистр дәрежелерін алуға, тілдік мектептерде оқуға ниетті студенттерді тартуға, сондай-ақ, халықаралық білім алуды мақсат еткен мыңдаған студенттермен танысуға және оларды тартуға мүмкіндік береді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе