Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі арқылы білім алуды мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі енеді

АСТАНА. 13 Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің негізгі мақсаты - кәсіптік-техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігін ендіру.  Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заңы бойынша баяндаған Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлім етті.Министрдің айтуынша, аталған құжат әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып әзірленген. Оның сөзіне қарағанда, мұндай білім беру жинақтау жүйесі Бельгия, Канада, Малайзия, Нидерланды, Сингапур, Испания, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ секілді мемлекеттерде бар. «Мұндай шоттарда қаржы жинауға мемлекет жеңілдіктер мен субсидиялар беру арқылы қолдау көрсетеді. Жалпы, еліміздегі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету 2 механизммен атқарылып келген болатын. Бұның біріншісі - мемлектетік гранттар. Қазіргі таңда студенттердің төрттен бірі гранттар арқылы оқиды. Екіншісі - мемлекет кепілдік беретін білім беру кредиттері. Осы екеуіне қоса енді Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі енгізілгелі отыр. Ол біріншіден, халыққа балаларын оқыту үшін қаржы жинауына жеңілдік жасайды. Екіншіден, оқуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады», - дейді Бақытжан Жұмағұлов. Министрдің сөзіне қарағанда, аталған жүйе бойынша Қазақстанның кез келген азаматы салымшы бола алады. Сосын осы бағытта ашылған арнайы шотқа салымшының өзі немесе басқа да тұлғалар қаражат аудара алады. Олар ата-ана немесе туыстары болуы мүмкін. Заң жобасында олардың шеңбері шектелмеген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе