2014 жылы Қазақстанда 73 мектеп құрылысы аяқталады

2014 жылы Қазақстанда 73 мектеп құрылысы аяқталады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады.  «2014 жылы жалпы сомасы 51,1 млрд. теңге құрайтын республикалық бюджет қаржысы есебінен 73 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Олардың 29-ы үш ауысымды және апатты мектептердің орнына бой көтерсе, 35-і орын ташылығын жою үшін, ал 9-ы халықтың демографиялық өсіміне байланысты салынады. Мектептердің басым бөлігі мемлекеттік тілде білім беретін болады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрліктің атап өтуінше, 2015 жылы республикалық бюджет есебінен 47 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Оның 28-і үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін салынады. Ал 17-сі орын тапшылығын жою үшін, 35-і халықтың демографиялық өсіміне орай  бой көтереді.

«Білім беру нысандарын жаңа оқу жылына дер уақытында және сапалы дайындау мақсатында 538 мектепте жалпы сомасы 26221,5 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді», - делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетерлігі, 2013-2014 оқу жылында республикада 180 апатты мектеп және үш ауысымда сабақ өткізетін 104 білім ошағы болған еді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе