Батысқазақстандық университет басшысы оқушыларға қайырымдылық көмегін көрсетті

ОРАЛ. 24 Қоғамның әлжуаз топтарына жататын мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім жеткіншектер мен көп балалы отбасы өрендеріне жаңа оқу жылы қарсаңында«Мектепке жол» шарасы аясында көмек қолын созып, қолдау көрсетуші қайырымды жанның бірі - облыстық мәслихат депутаты, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры Қазыбай Бозымов.

Деркөл кенттік округінің кішкентай тұрғындары Мәлика Мутиева мен Әнел Тастілеуоваға, Тимур Базаров пен Нұрлы, Меруерт Қанатоваларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарға толтырылған оқушы сөмкесі мен естелік ойыншықтар тарту етілсе, №10, №30 және №18 жалпы білім беретін орта мектептердің 25 оқушысына мектеп сөмкесіне қоса спорттық киімдер жиынтығы қоса берілді.

Жаңа оқу жылының басталуын тағатсыздана күтіп жүрген балғындар өздеріне демеушілік танытып, үлкен сенім артқан Қазыбай Қараұлына алғыс айтып, сабақтарын үздік оқуға уәде берді.

«Мектепке жол» акциясы аясында 30 оқушыға үш жүз мың теңге көлемінде қайырымдылық көмегі көрсетілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе