12 қазақстандық курсант Финляндияда ұшқыш дипломын алды

30 қазанда Хельсинкиде (Финляндия) оқу-ұшу дайындығын бітірген ҚР Азаматтық авиация академиясы студент-түлектерінің бірінші тобына ұшқыштардың халықаралық сертификаттарын табыстау рәсімі өтті. Іс-шарада ФР СІМ өкілдері, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігінің дипломаттары, ҚР Азаматтық авиация академиясы мен «Patria» ұшқыштар мектебінің басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.Елші Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстанның азаматтық авиация академиясының түлектерін құттықтап, оларға кәсіби саласындағы қызметіне табыстар тіледі. Ол қазақстандық ұшқыштардың Финляндияда оқуы Финляндияның Президенті Саули Ниинистёнің 2013 жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесі бойынша жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың тәжірибелік қорытындысы болғанын еске салды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның 12 студенті Хельсинкиде ұшқыштар мектебінде екі жылдық ұшу дайындығынан өтті. Қазақстандық дипломат ҚР авиация саласы үшін жоғары білікті мамандар дайындауға қосқан үлесі үшін «Patria» ұшқыштар мектебінің басшылығына алғысын білдірді.

Сыртқы сауда және даму министрі Ленита Тойвакка атынан ФР СІМ өкілі Пяиви Пелтокоски білім саласында Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге Финляндияның қызығушылығын білдірді. Білім беру саласында «Patria» мектебінің оқу бағдарламалары екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып табылатынын айтты.

Patria Pilot Training компаниясының бас директоры Микко Паронен Қазақстанмен өзара әрекеттесудің стратегиялық сипатын атап өтіп, кадрларды дайындау саласында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға терең қызығушылық танытатындықтарын білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе